419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Доминиканда карантин талаптарын табан асты еткендер түрмеге түсті

  • 296
  • UPD: 08:22, 02.04.2020
Доминиканда карантин талаптарын табан асты еткендер түрмеге түсті

Доминикан Республикасында карантин тәртібін елемеген 20 мыңдай адам қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, бұл елде карантин мерзімі коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген күннен басталды. Бүкіл ел бойынша кешкі сағат 8-ден таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізілген. Айта кетейік, бүгінде Доминиканда 900-ден астам адам коронавирус жұқтырған.  42-сі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы