411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьда сауда орындары ашылып жатыр

  • 240
Уханьда сауда орындары ашылып жатыр

Қытайдың Ухань қаласындағы кәсіпкерлердің ісі біртіндеп жандана бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта сауда орындары ашылып жатыр. Азық-түлік тауарларының кейбір түрі мен көкөніс, жеміс-жидек далада саудалануда. Тұрғындардың айтуынша, жабық ғимараттың ішінде вирус жұқтыру қаупі жоғары. Айта кетейік, соңғы тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмегенмен, қауіпсіздік шаралары әлі күнге дейін сақталған.

Се Ляннинг, сатушы:

– Қазір сауда жаман емес. Ғимараттың ішінде отырғанша, таза ауада тұрып сатқан қауіпсіз. Дүкендердің ішінде демалу мүмкін емес. Тұтынушылар да ішке кіргеннен гөрі, азық-түлікті далада сатып алғанды құп көреді. Керегін алып, тез арада үйлеріне жетуге тырысады. Асықпай, не болмаса себепсіз жүргендерді байқамаймыз.

Хабар 24 телеарнасы