412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мекке мен Медине қалалары босап қалды

  • 164
  • UPD: 17:55, 09.04.2020
Мекке мен Медине қалалары босап қалды Euronews

Коронавирусқа байланысты қажылық уақытша тоқтатылғалы киелі Мекке мен Медине қалалары босап қалған.

Сауд Арабиясы билігі алдағы апталарда COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының күрт артатынын болжап отыр.

Бүгінгі таңда, ресми деректерге сәйкес, бұл елде вирусты 2795 адам жұқтырған және 41 адам көз жұмған. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының мәліметінше, көптеген қалаларда үй-жайлардан тәулік бойы шығуға тыйым салынған.

Ал өткен жылы қажылыққа 2,5 млн-ға жуық адам барған.

Хабар 24 телеарнасы