411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оксфам: Пандемия кесірінен әлемді кедейлік жайлауы мүмкін

  • 147
Оксфам: Пандемия кесірінен әлемді кедейлік жайлауы мүмкін Euronews

Коронавирус кесірінен дүние жүзінде жарты миллиардтай адам кедейліктің азабын тартуы мүмкін.

Аштық, қайыршылық және әлеуметтік теңсіздік мәселелерімен айналысатын Оксфам халықаралық ұйымы осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым өкілдерінің айтуынша, қазіргі ахуал кедейлікпен күрес жолындағы прогресті ондаған жылдарға кері шегіндіруі ықтимал. Әсіресе, Африка мен Таяу шығыс елдерін. Сондықтан аталған ұйым әлем елдерінің басшыларын індет салдары мен зардабын алдын алуға бағытталған кешенді шара қабылдауға шақырып отыр. Оксфамның есебіне сәйкес, дағдарыс кезінде дәулетті мемлекеттер экономиканы сауықтыруға триллиондаған доллар бөлуге дайын екенін көрсеткен. Кедей елдерге де дәл осындай жағдай жасау қажет дейді ұйым өкілдері. 

Хабар 24 телеарнасы