417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде түрме өртенді

  • 279
  • UPD: 09:48, 11.04.2020
Ресейде түрме өртенді

Ресейде қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтеушілер бүлік шығарып, өрт қойды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Осыған байланысты түзеу мекемесі дереу қоршауға алынып, оған апарар жолдар жабылды. Ресми мәліметке сәйкес, түрмедегі бүлік жазасын өтеуші мен күзетші арасындағы жанжалдан кейін басталған. Ал құқық қорғау органдарының айтуынша, тәртіпсіздікке түрме қызметкерлерінің қамауда отырған адамды  жабылып сабауы себеп болған. Осыған наразы болған 17 азамат кейін бүлік шығарыпты. Қазір оқиға орнында арнайы қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Аталған дерек бойынша тергеу ісі басталды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы