429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде премьер-министрге қарсы жаппай шеру өтті

  • 236
  • UPD: 17:12, 20.04.2020
Израильде премьер-министрге қарсы жаппай шеру өтті Известия

Медициналық маска, қауіпсіз арақашықтық. Коронавирустық инфекцияны таратпаудың басты талаптарын сақтай отыра, жексенбі күні Израильдің Тель-Авив қаласында жаппай шеру өтті.

2 мыңға жуық адам мэрия ғимаратының алдына жиналып, елдің қазіргі премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қарсылығын білдірді. Елдің премьер-министріне қатысты 3 қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Оның барлығы сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Ал оның өзі бұл айыппен келіскісі жоқ. Жалпы Израильде мұндай саяси дағдарыстың созылғанына бір жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде елде үш рет сайлау өткенімен, үкімет жасақталған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы