433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирустан айыққан Борис Джонсон қызметіне оралады

  • 317
  • UPD: 10:25, 26.04.2020
Коронавирустан айыққан Борис Джонсон қызметіне оралады

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон дүйсенбіден бастап қызметіне қайта кіріседі, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл ақпарды оның баспасөз хатшысы растады. Айта кетейік, наурыздың соңында британ премьері коронавирус жұқтырған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған. Сәуірдің басында жағдайы күрт нашарлаған премьер ауруханаға жатқызылды. Содан бері премьер-министр міндетін уақытша сыртқы істер министрі Доминик Рааб орындап келеді.

Хабар 24 телеарнасы