2019 жылы ең табысты болған фильм – «Кек алушылар: Финал» картинасы. Ол $890 млн табыс түсірген.
Рейтингтегі екінші орында $599 млн қаржы жинаған «Мұзды өлке – 2» мультфильмі тұр. Үшінші орынға $580 млн табыспен «Арыстан патша» картинасы жайғасты. Бұл туралы Deadline хабарлады.
Төртінші орында – $437 млн пайда түсірген «Джокер» фильмі.
Ең табысты фильмдер бестігін $414 млн табысымен «Капитан Марвел» комиксі жапты.