424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Билл Гейтс әлем қашан қалыпты өмірге оралатынын болжады

  • 461
  • UPD: 10:35, 28.04.2020
Билл Гейтс әлем қашан қалыпты өмірге оралатынын болжады

Адамзат коронавирусқа қарсы вакцина пайда болғаннан кейін ғана қалыпты өмірге орала алады.

Бірақ бұл бір-екі жылдан ерте бола қоймайды. Америкалық миллиардер, Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс осылай деді, деп хабарлады Le Figaro басылымы.

«Біз қалыпты өмірімізге бір-екі жылдан кейін ораламыз. Бұл кезеңнен эпидемияның қайта басталу қаупін жоятын жүйені құру арқылы ғана шығуға мүмкіндік бар», - деп түсіндірді Гейтс.

Гейтс әлемде қолданылып жүрген тестілеу және бақылау әдістері қазірдің өзінде көптеген елдерге ауру ошақтарын тез тауып, оларды бақылауға алуға мүмкіндік беріп жатқанын айтып өтті.

Айтуынша, пандемиядан кейін қалыпты өмірге оралу оңай болмайды, өйткені адамдар шектеулерді алып тастағаннан кейін де вирусты жұқтырып алудан қорқады.

Хабар 24 телеарнасы