423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенияда су тасқынынан 1800 отбасы баспанасыз қалды

  • 658
  • UPD: 10:48, 03.05.2020
Кенияда су тасқынынан 1800 отбасы баспанасыз қалды

Кенияның батысындағы су тасқынынан 1800-ге жуық отбасы баспанасынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апаттан 116 адам мерт болды. Із-түзсіз жоғалғандар да бар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта бірнеше күн жауған толассыз жауын тасқынға ұласқан. Өңірдегі Нзоия өзені де арнасынан тасып кеткен. Табиғат апатынан зардап шеккен аймақ тұрғындары қайықпен эвакуацияланды. Елдің 29 округі топан су астында қалды.

Жергілікті тұрғын:

Мүлкімізді су шайып кетті. Техникамыз жарамсыз болып қалды. Өзіміздің де баратын жеріміз қалмады. Қазір бұл жерде тұру мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы