422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАӘ-де 45 қабатты ғимарат өртеніп кетті

  • 581
  • UPD: 09:59, 06.05.2020
БАӘ-де 45 қабатты ғимарат өртеніп кетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласындағы ғимараттардың бірі өртенді.

Тілсіз жау 45 қабатты тұрғын үйді түгелдей шарпыған. Бұл туралы Al Ghad хабарлады.

Үйдің барлық тұрғыны, сонымен қатар көрші ғимараттардың тұрғындары дереу эвакуацияланды.

Өртті сөндіруге бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Жанып жатқан ғимараттың ішінде не болып жатқаны туралы сенімді ақпарат алу үшін дрондар тартылды. Нәтижесінде өрт ауыздықталды.

Оқиға салдарынан жеті адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға түскен.

Хабар 24 телеарнасы