loader

Өзбекстан коронавирус таралуы бойынша облыстарды деңгейге бөлді

Өзбекстан коронавирус таралуы бойынша облыстарды деңгейге бөлді

Өзбекстанда бүгіннен бастап коронавирус анықталмаған немесе пациенттер толық жазылған облыстарға «жасыл» деңгей енгізіледі.

Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзАА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев коронавирус пандемиясына қатысты жиын өткізіп, тұрғындарды карантин тәртібін барынша қатаң сақтауға шақырды.

Жиында Шавкат Мирзиёев Республикалық комиссияға карантиннің деңгейі бойынша қалалар мен аудандарды жіктеуге тапсырма бергенін айтты. Осыған сәйкес елдің Республикалық комиссиясы 8 мамырдан бастап коронавирус анықталмаған немесе пациенттер толық жазылған Навойи, Джизак және Қашқандария облыстарына «жасыл» деңгей енгізілетінін хабарлады.

«Әр адам карантин режимін, санитарлық және гигиена талаптарын қатаң сақтауы керек және оған міндетті. Сонымен қатар «сары» және «қызыл» деңгейдегі өңірлерде коронавирус анықталмаған аудандар бар екенін ескеру қажет. Сондай-ақ ертең «жасыл» деңгейдегі өңірден вирус анықталса барлық өңірдегі жағдайды өзгертудің қажеті жоқ», - деді Шавкат Мирзиёев.

Сондай-ақ...