426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь елі Жеңіс күнін салтанатты шерумен атап өтті

  • 399
  • UPD: 17:46, 09.05.2020
Беларусь елі Жеңіс күнін салтанатты шерумен атап өтті

Беларусь Жеңіс күнін бар сән-салтанатымен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Минскіде дәстүрлі шеру өтті. Коронавирусқа байланысты әлем елдері жиын-тойды шегеріп жатқанымен, Беларусь мерекені өз орнымен атап өтуді жөн көріпті.

Бұл күні әдеттегідей Минскінің орталық алаңымен әскерилер сап түзеп, көкте ұшақтар тізіліп ұшты. Салтанатты іс-шараны тамашалауға жиналған адам қарасы қалың. Шеруді Жеңіс символы саналатын Т-34 танкісі бастады. Оның ізімен сарбаздар мен өзге техника жүріп өтті. Салтанат 1 сағатқа созылып, құрметті қарауыл ротасының концертімен аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы