435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Кореяда індеттің қайта бел алуына бір адам себепкер болды

  • 609
  • UPD: 10:30, 11.05.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирусты жаппай жұқтыру дерегі қайта өршіді дегенді кеше хабарладық.

Қауіпті індет тарауы біршама бәсең тартқан секілді еді. Жергілікті бір азамат коронавиурс жұқтырғанын білмеген бе, түнгі клубтарға барып келушілерге кеселін тигізген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мән жайды білу үшін Оңтүстік Кореядағы арна тілшісі Владислав Цоймен хабарластық.

Оңтүстік Кореяда осы мамыр айы басталғалы  бірнеше күн қатарынан коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелмеп еді. Вирус тек шетелден келгендерден анықталып, олардың саны күніне 10-нан аспаған. Бірақ соңғы бір тәулікте, яғни кеше қауіпті вирусты 35 адам жұқтырғаны анықталды. Оның ошағы да белгілі. Йонин қаласының 20 жастағы тұрғыны 5 бірдей түнгі клубқа барып, содан тараған екен. Демек індет әлгі азаматта болған. Одан бөлек, сол клубтарда болған тағы 60-тан астам тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі. Бірақ мамандар олардың жалпы саны 5 мыңнан асуы мүмкін деп дабыл қағуда. Келушілердің тең жартысын әлі таппаған. Себебі олар өздері туралы шын ақпар қалдырмаған. Осыған байланысты Сеуэл мэрі ойын-сауық орындарын жабуға бұйрық берді. Кенги провинциясының губернаторы да осындай шешім қабылдады.

Ли Дже Мён, Кёнги провинциясының губернаторы:

– Вирустың таралуын болдырмау үшін аймақтағы барлық ойын-сауық орталығын 2 аптаға жабу туралы шешім қабылдадық.

Ал дәрігерлер сәуір айының аяғынан мамырдың 6-ысына дейін Итэвондағы түнгі клубтарға барғандарға тестіден өтуге кеңес беруде. Өйткені осындай орындарға барып коронавирусты жұқтырғандардың 30 процентінде ыстығы көтерілгені не жөтелгені байқалмаған. Соңғы оқиғалар Үкіметтің шектеу шараларын жеңілдету бойынша жоспарларына өзгеріс енгізгелі тұр. Екі күннен кейін балалар мектепке баруы тиіс еді. Енді бұл шешім өзгеруі мүмкін.

Пак Нынг Ху, Оңтүстік Корея денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету министрі:

– Итэвон клубындағы вирусты жаппай жұқтыру мектептердің ашылуына әсер етуі жайлы әзірге нақты айта алмаймын. Себебі қазір оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр. Шешім қоғам пікірін саралап барып қабыладанады.

Владислав Цой, тілші:

– Ал сарапшылар Оңтүстік Кореяда тұрғындардың коронавирусты жаңадан жаппай жұқтыру оқиғасын індеттің таралуының екінші толқыны деп отыр. Себебі түнгі клубқа барғандардың арасында өзге де қалалардың тұрғындары мен әскерилер, мейірбикелер сауда орталықтарының қызметкерлері  болған.  Олардың кейбіреуі караоке мен компьютер залдарына барған.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы