429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран ғалымдары Каспий теңізінде су деңгейі төмендеп кеткенін мәлімдеді

  • 395
  • UPD: 16:16, 19.05.2020
Иран ғалымдары Каспий теңізінде су деңгейі төмендеп кеткенін мәлімдеді

Саридегі Каспий теңізін зерттеу ұлттық орталығының басшысы Бани Хашеми Каспий теңізінде су деңгейі өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда шамамен 13 сантиметрге төмендегенін айтты.

«2019 жылғы қыстың соңында Каспий теңізіндегі су деңгейін бағалау 1995 жылдан бастап төмендеу үрдістерін басшылыққа ала отырып, Каспий теңізіндегі су деңгейі 2019 жылы соңғы 30 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге түскенін көрсетіп берді», - деп атап өтті орталық басшысы.

«Осы бағалау бойынша биыл судың орташа деңгейі 2018 жылмен салыстырғанда 13 сантиметрге төмендеп, 27,18 метрді құрады», - дейді ол. Каспий теңізін зерттеу ұлттық орталығының басшысы «су деңгейі төмендеуінің басты себебі - Каспий теңізіне енетін судың шамамен 80 пайызын қамтамасыз ететін Еділ өзенінен су ағынының азаюы» деп мәлімдеді.

Хашемидің айтуынша, Каспий теңізіндегі орташа температураның жоғарылауы теңіздегі су деңгейінің төмендеуіне тағы бір себеп болып отыр. Оның айтуынша, сараптамалық зерттеу ұзақ мерзімді перспективада жыл сайынғы құбылыстарға қарамастан климаттың өзгеруі мен судың булануына байланысты Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі жалғасатынын көрсетеді.

IRNA

Хабар 24 телеарнасы