411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада сотталғандар жазасын жайлы камерада өтей алады

  • 107
  • UPD: 08:53, 23.05.2020
Украинада сотталғандар жазасын жайлы камерада өтей алады

Украинадағы түзеу мекемелерінде ақша төлеп, жазаны жайлы бөлмеде өтеуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің әділет министрі Денис Малюська мәлімдеді. Оның айтуынша, түрмедегі камералардың бірі ескі болса, бірі жөндеуден өткен. Ал сотталғандарды бұл бөлмелерге қамау қалай жүзеге асатыны белгісіз. Десе де, жазасын өтеушілер жайлы қамаққа ауысу үшін түрме қызметкерлеріне пара берген жағдайлар тіркеліпті. Сондықтан енді жанға жайлы, таза түрмеде отырудың құны айына 450 доллар болып бекітілді. Министрлік бұдан түскен қаржы ескі түрменің жөндеу жұмыстарына жұмсалады деп отыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы