432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда Ораза айт намазы бір ғана мешітте оқылды

  • 387
Түркияда Ораза айт намазы бір ғана мешітте оқылды

Түркияда Ораза айт намазы алғаш рет бір ғана мешітте оқылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мінажатқа санаулы ғана жамағат қатысты. Себебі коронавирусқа байланысты елдегі  барлық құлшылық үйі 29 мамырға дейін жабық. Сондай-ақ елде 4 күндік коменданттық сағат енгізілген. Шектеу шараларына мойынұсынбағандарға жаза қатаң. Бізше есептегенде, 185 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жалпы, айт мейрамының түрік халқы үшін маңызы зор. Бұл күні жұрт туған-туыс, дос-жарандарын аралап, мейрамды кең құлашпен тойлайды. Алайда биылғы жағдай өзгеше. Айттың бірінші күнінде тек 65 жастан асқан азаматтардың 6 сағатқа сыртқа шығуына рұқсат берілді. Егде кісілер көшеге шыққанмен, ара қашықтықтық сақтап, үйлерінен алыстамауы тиіс.

 

Хабар 24 телеарнасы