405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Йеменде гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру үшін 1,35 млрд доллар бөлінеді

  • 159
  • UPD: 18:04, 03.06.2020
Йеменде гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру үшін 1,35 млрд доллар бөлінеді

Йеменде биыл гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру үшін 1,35 миллиард доллар қаржы бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ мен Сауд Арабиясы ұйымдастырған Йеменге қатысты бейнеконференция барысында 30-дан астам мемлекет осындай шешімге келді. Алайда, БҰҰ басшысының айтуынша, бұл Йеменге коронавируспен күресіп, ашаршылықтың алдын алу үшін жеткіліксіз. Сондықтан халықаралық қауымдастықты белсенді түрде қолдау көрсетуге шақырды.

Еске сала кетейік, Йеменде 2014 жылдан бері елдің заңды президенті Абд-Рабу Мансур Хади күштері мен хусит бүлікшілері арасында соғыс жүріп жатыр. 2018 жылы тараптар Стокгольмде бейбіт келіссөз жүргізіп, бірқатар келісімге келген еді.

Хабар 24 телеарнасы