423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегияда теңіз жағасындағы жер опырылып, бірнеше үй суға кетті

  • 479
  • UPD: 13:47, 05.06.2020
Норвегияда теңіз жағасындағы жер опырылып, бірнеше үй суға кетті

Норвегияның солтүстігіндегі Финнмарк провинциясында жер опырылып, бірнеше үй теңізге құлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға теңіз жағасына жақын орналасқан Альтка қаласында болды. Белгісіз себептерден ұзындығы 800 метрдей болатын жағаның бір бөлігі опырылып құлап, 8 үй мен бірнеше көлік суға түсіп кеткен. Әзірге табиғат апатынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандар туралы ақпарат жоқ. Тұрғындар бірінші көшкін кезінде қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Қазір апат ауданында іздеу шаралары жүріп жатыр. Мамандар тағы көшкін жүру қаупі барын айтады.

Хабар 24 телеарнасы