9 маусымнан бастап Кипр басқа елдермен арадағы әуе рейстерін қалпына келтіреді.
Коронавирустық пандемияға байланысты 21 наурыздан бастап Кипр әуежайлары жабылған еді. Ал 4 мамырдан бастап пандемияға байланысты шектеулер біртіндеп жеңілдей бастады.
Әуежайларды ашу және Кипрдің басқа елдермен байланысын қалпына келтіру екі кезең бойынша жүргізілмек. Бірінші кезең – 2020 жылдың 9-19 маусымы, екінші кезең – 2020 жылдың 20 маусымынан бастап.
Әуе қатынасы қалпына келтіру үшін елдер екі санатқа бөлініп қарастырылады. А санатына Греция, Мальта, Болгария, Норвегия, Австрия, Финляндия, Словения, Венгрия, Израиль, Дания, Германия, Словакия, Литва жатады. Б категориясы – Швейцария, Польша, Румыния, Хорватия, Эстония, Чехия елдері.