24 каратты қымбат металл ғимараттың ішін ғана емес, сыртқы келбетін әсемдеу үшін де қолданылған.
Вьетнам астанасында іші алтынмен безелген әлемдегі тұңғыш қонақ үй ашылды. Бұл туралы Лайф ру басылымы мекеменің сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Dolce Hanoi Golden Lake 25 қабаттан тұрады, Ханояның орталық көшесінде орын тепкен. Оны салуға 10 жыл уақыт кеткен. Барлығы 342 бөлме бар, көбінің жиһазы, жуынатын орын мен әжетханасы, жалпы есепте 5 мың шаршы метр аумақ алтынмен апталған.