421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина президентінің жарынан коронавирус анықталды

  • 302
  • UPD: 17:49, 12.06.2020
Украина президентінің жарынан коронавирус анықталды

Украина президенті Владимир Зеленскийдің жары Елена Зеленскаяның COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Дегенмен Украинаның бірінші ханымы өзін жақсы сезінеді және аурудың белгілері байқалмайды. Қазір ол амбулаториялық ем алуда және отбасы мүшелерінен оқшауланған, деп хабарлады korrespondent.net.

Владимир Зеленский мен балалары да коронавирусқа тест тапсырды, олардың нәтижелері теріс болып шықты.

Сонымен қатар бірінші ханымның үнемі карантин ережелерін қатаң сақтап жүргені айтылуда. Оның маусым айының басында тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы