426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландияда расизмге қарсы шеру өтті

  • 489
  • UPD: 19:51, 14.06.2020
Жаңа Зеландияда расизмге қарсы шеру өтті

Әлемде нәсілшілдікке қарсы шерулер жалғасып жатыр. Жаңа Зеландияда 10 мың адам қатысқан наразылық акциясы өтті. 

Окленд пен Веллингтон көшелеріне шыққан адамдар түрлі үнпарақшалар ұстап, нәсілдік кемсітушілікті тоқтатуға шақырды. Шерушілер көптеген елде өзекті саналатын мәселені күш біріктіріп шешу керек дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Гамильтон қаласының билігі тұрғындардың шағымынан кейін шаһардың негізін қалаған британдық отарлаушының мүсінін алып тастады.

Шеруге қатысушы: 

- Шеру АҚШ-тағы жағдайға қатысты ғана ұйымдастырылған жоқ. Бізде де нәсілдік кемсітушілік бар. Мысалы, егер сіз ақ нәсілді адам болмасаңыз аз ұлттың өкілі деп қарап, кемсітуге ұшырауыңыз мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы