425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Афроамерикалықтың өлімі: Ұлыбританияда белсенділер наразылық шеруіне шықты

  • 310
  • UPD: 15:19, 15.06.2020
Афроамерикалықтың өлімі: Ұлыбританияда белсенділер наразылық шеруіне шықты

Ұлыбританияның Лидс қаласында наразылық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт нәсілшілдікке қарсылығын білдірді. Маска таққан белсенділер қолдарына плакат ұстап, шаһар көшелерімен жүріп өтті. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ереуіл тыныш аяқталды. Дәл осындай шара Лондон қаласында да ұйымдастырылды.

Айта кетейік, әлем бойынша жаппай толқулардың басталуына АҚШ-тағы афроамерикалықтың Джордж Флойдтың қазасы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы