418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда пойыз вагондары емдеу орталығына айналады

  • 164
  • UPD: 08:12, 17.06.2020
Үндістанда пойыз вагондары емдеу орталығына айналады

Нью-Делиде 500 пойыз вагоны коронавирусқа шалдыққандарды емдеу орталығына айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті билік вирусты жұқтырғандарды емдейтін ауруханалардың жетіспеушілігіне байланысты осындай шешім қабылдады. Әрбір вагон үш оттегі маскасымен жабдықталған. Шұғыл қолға алынған шараның нәтижесінде коронавирусты жұқтырғандарды емдейтін тағы 8 мың орын пайда болмақ. Бұдан бөлек билік қарттар үйлерін де науқастарды емдеу орталықтарына айналдыруды көздеп отыр. Ал ресми дерекке қарағанда Нью-Делиде «Ковид-19-ды» жұқтырғандардың саны 40 мыңнан асқан.

 

Хабар 24 телеарнасы