420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде коронавирус жұққандар саны 8,5 миллионға жуықтады

  • 311
  • UPD: 15:36, 19.06.2020
Әлемде коронавирус жұққандар саны 8,5 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 8 жарым миллионға жуықтап қалды. Дерттен 453 мыңнан астам науқас көз жұмған.

АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі осындай. Жұқпалы дертке шалдыққандар саны бойынша АҚШ, Бразилия және Ресей көш бастап тұр. Америкада вирусты жұқтырғандар 2 миллион 180 мыңнан асқан. 118 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Бразилияда дертке 978 мың адам шалдығып, 48 мыңға жуығы көз жұмды. Ал Ресейде вирусты жұқтырғандардың қарасы 560 мыңнан асып жығылады. Дегенмен, көптеген мемлекет індеттің таралуы бәсеңдеуіне байланысты шектеу шараларын жеңілдетуді одан әрі жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы