432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжіңге коронавирус Еуропадан келген бе?

  • 384
  • UPD: 15:28, 20.06.2020
Бейжіңге коронавирус Еуропадан келген бе?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Бейжіңдегі коронавирусқа қатысты оқиғаға баға беріп, қауіпті таратушы кәдімгі адам баласы екенін алға тартты.

Кезекті брифингте сөз алған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан уәжі осыған саяды. Тіпті вирусты бұл жолы Бейжіңге басқа елдерден, атап айтқанда, Еуропадан келген адам жеткізуі мүмкін деп айтты.

Майкл Райан коронавирус жан-жануардан немесе басқа да хайуандардан емес, адамнан жұққаны күмән тудырмайтынын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 маусымда Бейжіңде көтерме сауда базарларының бірінде қауіпті вирус өршіп, оның жаңа ошағына айналды делінген.

Майкл Райан, ДДҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры:

– Бейжіңде кондиционерлер көп. Сондықтан қоршаған ортаның өзі инфекцияның таралуына әсер етуі мүмкін. Індет сол ет базарынан шыққан. Қазір әлемде вирус туралы бірнеше пікір бар. Мысалы, Нью-Йоркке коронавирус еуропалықтардан әкелінген, ал Жапонияда аурудың жаңа жағдайлары Еуропадан шыққан деген ақпараттар бар. Бірақ Еуропа бұл аурудың ошағы екенін білдірмейді. Мүмкін бұл жаңа коронавирус Бейжіңге сырттан әкелінген болар.

Хабар 24 телеарнасы