418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан Қытай тауарларына бойкот жариялады

  • 164
  • UPD: 16:22, 23.06.2020

Делиде саудагерлер Қытаймен шекарада болған қақтығысқа наразылық білдіріп, аспан асты елінің тауарларын өртеді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Іс-шараны ұйымдастырған Үндістан саудагерлерінің кәсіпқой бірлестігі. Шерушілер биліктен Қытайдан әкелінетін барлық тауарға бойкот жариялап, осы елдің мемлекеттік компанияларымен жасалған келісімшарттарды жоюға шақырды. 

Правин Ханделвал, Үндістан саудагерлері бірлестігінің бас хатшысы:

- Қытайдың біздің жауынгерлерге қарсы ұйымдастырған жауыздық әрекеті ашу-ызамызды туғызды. Сондықтан бұл елдің тауарларына бойкот жариялауды шештік. Биыл жыл соңына дейін Қытайдан импортталатын тауар көлемін 13,5 миллиард долларға қысқартпақ ниеттеміз.

 

 

Хабар 24 телеарнасы