421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лиссабонның бірқатар ауданында шектеулер қайта енгізілді

  • 170
  • UPD: 14:08, 26.06.2020
Лиссабонның бірқатар ауданында шектеулер қайта енгізілді

Португалия астанасы Лиссабонда коронавирустың таралуының күшеюіне байланысты бірқатар ауданда шектеу шаралары қайта енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тәртіпке сай шаһардағы 19 ауданның тұрғыны енді үйлерінен тек азық-түлік дүкені мен дәріханға немесе жұмысқа бару үшін ғана шыға алады. Бұдан бөлек, бір жерде 5 адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Қазір бұл мемлекетте коронавирусты жұқтырғандар саны 40 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы