429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатында сауда орталығындағы атыстан екі адам көз жұмды

  • 227
  • UPD: 08:27, 29.06.2020
Калифорния штатында сауда орталығындағы атыстан екі адам көз жұмды vesti.ru

АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Ред-Блафф қаласында атыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24.

Тағы 4 кісі жарақат алды. Оқиға шаһардағы Walmart сауда орталығының сұрыптау бөлімінде жұмысшылар ауысымы кезінде болды. Ақ көлікке мінген белгісіз біреу сұрыптау бөлімінің есігін қағып, адамдарға оқ атқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні атып жаралады. Қазір қылмыскер ауруханада жатыр. Оның мұндай әрекетке неге барғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы