429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда сот үгіт-парақтар таратқан ұйымдардың ісін қарастырып жатыр 

  • 285
  • UPD: 09:06, 30.06.2020
Оңтүстік Кореяда сот үгіт-парақтар таратқан ұйымдардың ісін қарастырып жатыр 

Оңтүстік Кореяда сот үкіметтік емес екі ұйымның ісін қарастырып жатыр.

Бұл ұйымдар Солтүстік Корея аумағына үгіт-парақтар мен азық-түлік жібергеннен кейін көршілес екі ел арасындағы қарым-қатынас ушығып кетті. Тіпті Солтүстік Корея әскері Кэсон қаласындағы мемлекетаралық байланыс кеңсесін жарып жіберген еді. Ресми Пхеньян өз аумағында үгітпарақтардың таратылуын 2018 жылғы саммит кезінде қол қойылған келісімшартты бұзу деп санаған. Ал бұл екі ұйымға қарсы Корея республикасының елді біріктіру жөніндегі министрлігі  сотқа шағымданды. Егер тіркеу құжаттары қайтарып алынса, бұл ұйымдар жәрдем жинай алмай, Солтүстік Кореяға үгіт-парақтар мен азық-түлік жіберуге мүмкіндігі болмайды. Осы екі ұйымды ағайынды Пак Сан Хак және Пак Чон О басқарады. Олар 2000-жылы Солтүстік Кореядан қоныс аударған болатын. Пак Сан Хак басқаратын ұйым көптеген жылдар бойы әуе шарлардың көмегімен Оңтүстік Кореядағы тұрмыс жөнінде ақпарат жазылған үгіт-парақтар, бір долларлық банкноттар мен кореялық сериалдар жазылған usb-дисктерін көрші ел аумағына таратып жүр. Ал өзге ұйым күріш салынған пластик шөлмектерін теңізбен жіберіп отырады. 

Ё Сан Ги, Корея республикасы елді біріктіру жөніндегі министрліктің ресми өкілі:

- Бұл істі сот қарастырып, әкімшілік жаза туралы шешім шығарады. Егер ұйымның тіркелуінің күшін жойса, ол ресми түрде қаражат жинай алмайды.

Хабар 24 телеарнасы