431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самарқандта екі басты егіздер дүниеге келді

  • 301
  • UPD: 10:30, 01.07.2020

Өзбекстанда екі басты сиам егіздері дүниеге келді. «Севи-млИ» телеарнасының «Замон» ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, нәрестелер Самарқанд облысында туған.

Қазір олар медициналық орталықтың терапия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Қос сәбидің тынысы тарылып, жүрегінде ақау бары анықталды. Жаңа туған қыз балалар әлемде өте сирек кездесетін сиам егіздерінің дицефалды түріне жатады дейді дәрігерлер. Олардың денесі, жүрегі, асқазаны, жатыры бір. Сонымен бірге екі қолмен және екі аяқпен дүниеге келген. Мұндай патология 2 жүз мың шақалақтың біреуінде ғана кездеседі екен. 

Фаровон Самиев, дәрігер:

- Біз ұрықтың ақауын жүктіліктің 21-аптасында аңғардық. Бұл туралы әке-шешесін ескертіп қойғанбыз. Жалпы мұндай патологияның бірнеше себебі бар. Мысалы, жақын туыстар арасындағы некеден, бала көтеретін жастан өткеннен кейін босанудан, радиациялық зақымнан, экологияның нашарлануынан сиам егіздері тууы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы