420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төл ақшасының құнсыздануы Ливан халқының наразылығын тудырды

  • 344
  • UPD: 15:28, 01.07.2020
Төл ақшасының құнсыздануы Ливан халқының наразылығын тудырды

Ливан астанасы Бейрутте наразылық шарасы өтті. Елдің төл ақшасы ливандық фунт құнының күрт төмендеуі ел арасында дүрбелең тудырып, тәртіпсіздіктерге себеп болды.

Наразы халық көшеге шығып, қаладағы бірнеше жолды жауып тастаған. Салдарынан мыңдаған жүргізуші кептелісте сағаттап тұруға мәжбүр болды. Жергілікті тұрғындар экономикалық жағдайдың тым нашарлауына билік кінәлі деп есептейді. Соңғы күндері елде жарық пен нан бағасы шарықтап кеткен.

Экономика министрінің мәлімдеуінше, бұған ұлттық валютаның құлдырауы себеп.

Айта кетейін, Ливанда наразылық акциялары өткен жылдың қазанынан бері жалғасып келеді. Халық елдегі жұмыссыздық пен жемқорлыққа қарсылық білдіріп, экономикалық реформалар қабылдауды талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы