417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияның Амазон орманында өрт өршіп кетуі мүмкін

  • 148
  • UPD: 20:45, 02.07.2020
Бразилияның Амазон орманында өрт өршіп кетуі мүмкін

Бразилиядағы Амазон орманында алапат өрт қайта өршуі мүмкін. Мамандар осылай деп дабыл қағуда.

Ел үкіметі келтірген мәлімет бойынша өткен айда орман өртінің саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ке артқан. Табиғат жанашырлары ел президенті Жаир Болсонаруды «тілсіз жауды ауыздықтау үшін қажетті шараларды қабылдамады» деп айыптап отыр.

Ал денсаулық сақтау сарапшыларының айтуынша, өрттен шыққан қою түтін коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын одан сайын қиындата түседі.

Еске сала кетейік, былтыр Амазония аумағындағы алапат өрттен миллиондаған гектар алқап жанып кетті.

Хабар 24 телеарнасы