417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар Австралия жағалауынан байырғы халықтың су асты ескерткіштерін тапты

  • 158
  • UPD: 09:16, 03.07.2020
Ғалымдар Австралия жағалауынан байырғы халықтың су асты ескерткіштерін тапты

Археологиялық олжалар мұз дәуіріне тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихи құндылықтар елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Дампир архипелагының жанынан екі жерден табылды. Артефактілердің кем дегенде 7 мың жылдық, ал ескерткіштің 8 мың жылдық тарихы бар. Теңіз флорасы мен фаунасы жәдігерлерді жауып қалған. Бірақ археологтар бірнеше тас құралдарын анықтай алды. Табылған археологиялық құндылықтар – Австралия континенттік қайраңында адамзат өркениетінің болғандығын айғақтайтын алғашқы дәйектер.

Хабар 24 телеарнасы