421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID 19: Боливияда жүздеген шеруші 15 адамды кепілге алды

  • 253
  • UPD: 08:55, 06.07.2020
COVID 19: Боливияда жүздеген шеруші 15 адамды кепілге алды Известия

Боливияда жүздеген шеруші қоқыс өңдеу зауытын басып алып, 15 жұмысшыны кепілге алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, наразы топ коронавирусқа байланысты енгізілген карантин режимін алып тастауды талап етті.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, полицей мен сарбаздар бірден тұтқынға алынған азаматтарды босатпақ болған. Алайда ереуілшілер ашық қарсылық көрсетіпті. Осыдан соң тәртіп сақшылары наразы жұртқа қарсы көз жасаурататын газ қолданған. Соған қарамастан, ереуілшілер дегенінен қайтпай жатқан көрінеді. Нәтижесінде қақтығыс кезінде бірнеше полицей жарақат алған. Өз кезегінде Боливияның сыртқы істер министрінің айтуынша, бұл тәртіпсіздікті елдің бұрынғы президенті ұйымдастырған. Алайда оның жақтастары мұны жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы