427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея мектептерінде медицина қызметкерлері тапшы

  • 988
Оңтүстік Корея мектептерінде медицина қызметкерлері тапшы

Оңтүстік Корея барлық мектепті медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етуге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселе ел парламентінде қаралды. Заң бойынша оқу орындарында денсаулық мұғалімі, фармацевт және дәрігер жұмыс істеуі керек. Алайда республикадағы кейбір мектептердің штат бірлігінде мұндай мамандық қарастырылмаған. Дәрігер қажеттілігі пандемияға байланысты туындады. Биыл Кореяда жаңа оқу жылы екі айға кейін шегерілді. Елде вирус жұқтырғандардың саны 13 мыңнан асты. Олардың 11 800-ден астамы сауығып кетті. 284 адам қайтыс болды. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бес жүзден астам мектеп жабылды. Ал Тэджон қаласында құрдаспен байланыста болған екі бастауыш сынып оқушыларынан коронавирус табылды. Алайда Оңтүстік Кореяның Білім министрлігі оқу орындарын онлайн-білімге ауыстырмайтын ескертті. Өйткені ол оқушылардың жақсы білім алуға және дұрыс тамақтанбауға, сонымен қатар ата-аналарға жүктеменің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Жалпы Оңтүстік Кореяда жиырма мыңнан астам мектеп пен балабақша бар.

Джи Ын Сук, Корея мұғалім және білім қызметкерлері одағының өкілі:

– «Мектептердегі денсаулық сақтау мәселелері туралы» заңға сәйкес, енді әрбір білім ошағында денсаулық сақтауға бағытталған дәріс оқитын және оқушылар денсаулығына жауап беретін маман жұмыс істейді. Алайда президенттің жарлығында шағын мектептерге қатысты еш шешім жоқ. Яғни ондай мектептерде арнайы қызмет бірлігі қарастырылмаған. Негізі бұл заң 2007 жылы өзгертілген, бірақ сол 13 жыл ішінде әлгі толықтырулар жүзеге асырылмады, нәтижесінде мегаполистерді қоспағанда, өңірлердегі мектептер медицина мұғалімдерімен тек 60-70 процентке қамтылған.

Хабар 24 телеарнасы