417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада есірткі тасымалдаған ұшақ жарылды

  • 152
  • UPD: 20:57, 06.07.2020
Мексикада есірткі тасымалдаған ұшақ жарылды

Мексикада тас жолға қатты қонған ұшақ жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтер агенттігі таратқан видеодан әуе кемесінің жанып жатқандығын көруге болады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, борттың қылмыстық іспен байланысы бар. Қазіргі уақытта полиция оқиға орнын қоршауға алды. Федералды билік тергеу жүргізіп жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Оңтүстік Америкадан Перуге бағыт алған ұшақ бортында бір тоннадан астам кокаин болған. Тауардың әуе кемесінен қашан түсірілгені белгісіз. Алайда билік бұл мағлұматты әзірге растаған жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы