418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: COVID-19 Қытайдан шықпаған болуы мүмкін

  • 193
  • UPD: 21:48, 06.07.2020
Сарапшылар: COVID-19 Қытайдан шықпаған болуы мүмкін

COVID-19 Қытайдан шықпаған болуы мүмкін. Оксфорд университетінің аға ғылыми қызметкері Том Джефферсон «Зэ Дэйли Телеграф» газетіне берген сұхбатында осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус бұған дейін әлемнің басқа елдерінде пайда болса керек. Мәселен, бұл вирус былтыр наурызда Испанияда, қарашада Бразилияда, ал желтоқсанда Италияда жиналған ағын су үлгілерінен табылған. Ғылыми қызметкердің түсіндіруінше, «КОВИД-19» әлемнің әр өңірінде болған. Ол қоршаған орта жағдайы немесе халық тығыздығы салдарынан өршіп кетсе керек. Ал бұған дейін әлемнің 32 елінің 200-ден аса сарапшысы коронавирустың ауадағы ұсақ бөлшектер арқылы да тарайтынын жария еткен еді. Сарапшылардың жүргізген зерттеуі коронавирустың ұсақ аэрозольды тамшыларда да болатынын және олар бөлменің ішіндегі ауада біразға дейін сақталатынын көрсеткен. Сол себепті сарапшылар тобы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан індеттен қорғану бойынша ұсынымдарды өзгертуін сұрап отыр. Мәселен, адам көп жиналмайтын жердің өзінде де маска тағу керек дейді. Сондай-ақ мектеп, қарттар үйі, кәсіпорындар мен тұрғын үйлердегі желдету жүйлерін қайта жабдықтау қажеттігі жайлы айтады.

 

 

Хабар 24 телеарнасы