Түркияда кемемен Еуропаға бағыт алған 300-ге жуық мигрант ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оларды Измирдің жағалау күзетшілері қолға түсірген. Борттағы мигранттар Ауғанстан, Сирия, Бангладеш, Иран, Орталық Африка және Сомали елдерінің азаматтары. Олардың қатарында 46 әйел, 59 бала бар. Бұдан бөлек, мигранттарды Еуропаға заңсыз өткізбек болған, 8 адам қолға түсті.