418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильдің 9 қаласында шектеу шаралары күшейтілді

  • 144
  • UPD: 20:55, 09.07.2020

Израильдің 9 бірдей қаласында коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрі және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысымен ақылдаса келе осындай шешім қабылдаған. Өйткені бұл елді мекендерде кейінгі күндері науқастар саны артып барады. Әр шаһарда әртүрлі шектеу шаралары енгізілмек. Мәселен, кейбіреуіне қайтадан бақылау-өткізу бекеттері қойылады. Ал бірер күн бұрын елде барлар, спорттық залдар мен қоғамдық бассейндер жабылды. Қоғамдық көліктегі жолаушылар саны шектеліп, мемлекеттік қызметкерлердің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілді.

Амихай Уортер, дүкен иесі:

– Коронавирустың бірінші толқыны біз үшін ауыр болды. Кәсіпкерлер де біраз шығынға батты. Қарапайым халық былай тұрсын, саясаткерлердің өздері ережелерді елемей жатыр. Енді міне, вирустың екінші толқыны басталды.

 

Хабар 24 телеарнасы