418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда қала маңындағы орман өртенді

  • 178
  • UPD: 12:33, 10.07.2020
Грекияда қала маңындағы орман өртенді

Грекияның Коринф қаласының маңында орман өртенді. Күшті желдің салдарынан өрт тез арада үлкен аумаққа тарап кетті.

Тілсіз жаумен күреске 80-нен аса өрт сөндіруші, арнайы екі ұшақ пен бір тікұшақ жұмылдырылды. Жақын жердегі лагерьде демалып жатқан 400 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Әдетте жазы ыстық болатын Грекияда орман өрті жиі болып тұрады. Халқы тығыз қоныстанғандықтан бұл елді мекендерге үлкен қауіп төндіреді. Мәселен 2018 өрт лезде тарап кеткен Мати ауылында жүзден аса адам қаза болған еді.

Хабар 24 телеарнасы