431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Дубайдағы далалық ауруханадан соңғы науқас жазылып шықты

  • 401
  • UPD: 12:54, 10.07.2020
COVID-19: Дубайдағы далалық ауруханадан соңғы науқас жазылып шықты

Дубайдағы Дүниежүзілік сауда орталығында орналасқан COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған далалық аурухана жабылды.

Стационардағы соңғы науқас коронавирустан айығып шықты.

Енді көрме орталығы аумағындағы үш мың орындық уақытша аурухананың орнына 1 қазанға дейін Dubai Sports World жабық спорттық қалашығы жұмыс істейді.

Далалық аурухананың ең соңғы пациенті жапониялық Хироаки Фудзита болды. Оны дәрігерлер мен медбикелер қошеметпен шығарып салды.

Аурухананың барлық жабдығы пандемияның екінші толқыны үшін сақталады. Қажет болған жағдайда далалық аурухананы бірнеше сағаттың ішінде қайта жабдықтауға болады. Еске салсақ, бұл аурухана сәуір айында ашылған болатын.

Аджман қаласындағы және Абу-Дабидегі Ұлттық көрме орталығында орналасқан далалық ауруханалар жұмысын жалғастыруда.

БАӘ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде 10 мыңнан астам науқас әлі күнге дейін коронавирустан емделіп жатыр. Біріккен Араб Әмірліктерінде барлығы 52 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы