418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: Бір тәулікте 228 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды

  • 173
  • UPD: 15:18, 11.07.2020
ДДСҰ: Бір тәулікте 228 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды

Соңғы бір тәулікте әлем бойынша 228 мыңнан астам адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл – ең нашар көрсеткіш»,  – дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары. Індет дендеген елдердің көшбасында АҚШ тұр. Онда 65 мыңға жуық азамат аталған вирусты жұқтырған. Екінші орында Бразилия, үшінші Үндістанда ең көп дерек тіркелді. Пандемия басталғалы бері әлемде 12 миллионнан астам адамнан COVID-19 анықталып, 552 мыңға жуық жан аталған вирустан көз жұмды.

 

Хабар 24 телеарнасы