418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда гауһар тастармен безендірілген маскалар судаға шықты

  • 189
  • UPD: 09:17, 12.07.2020
Үндістанда гауһар тастармен безендірілген маскалар судаға шықты

Үндістанның Сурат қаласындағы зергерлік дүкенде гауһар тастармен безендірілген маскалар сатыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бағасы екі мың доллардан басталып, бес мың долларға дейін барады. Бұл туралы ANI агенттігі хабарлады. Тұтынушылардың бірі дүкен иесіне ерекше қорғаныс құралына тапсырыс берген. Ол карантин кезінде үйленіп жатқандықтан, қалыңдығы мен өзіне арналған масканың айрықша болғанын қалаған. Содан кейін зергерлік дүкен қожайыны гауһар тастармен безендірілген қорғаныс құралдарын дайындап, сату жөнінде шешім қабылдайды. Маскалардағы асыл тастарды тұтынушының қалауына қарай өзге де зергерлік бұйымдармен алмастыруға болады дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі сәйкес, Үндістанда 800 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталған. 22 мың азамат аталған індеттен қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы