425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда ереуілшілер биліктен Армениямен соғысуды талап еткен

  • 269
  • UPD: 21:59, 15.07.2020
Әзербайжанда ереуілшілер биліктен Армениямен соғысуды талап еткен

Бакуде Әзербайжан әскерін қолдауға арналған заңсыз митинг өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Он шақты ереуілші Парламенттің ғимаратына басып кірген. Рейтер агенттігінің ақпарынша, полиция наразы жұртты тарқатып үлгеріпті. Жалпы митингке мыңнан астам адам шыққан. Олар мемлекеттік туды көтеріп, Армениямен соғыс бастауды талап еткен. Айта кетейік, өткен демалыс күндері Армения-Азербайжан шекарасында жағдай ушыққан еді. Тараптар бір-біріне айып тағып, қарсы оқ атқан. Екі елден де қаза тапқандар бар. Қазақстан СІМ, Ресей және Еуроодақ тараптарды қару қолданбай, мәселені сабырлықпен шешуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы