419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресми Бейжің Ақ үйге жауап қатты

  • 439
  • UPD: 09:52, 16.07.2020

Ресми Бейжің АҚШ-қа жауап ретінде қарсы санкция салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қытай бұл қадамға Ақ үй «Гонконг автономиясы туралы» заң жобасын қабылдаған соң барып отыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлдімдеді. Сондай-ақ Бейжің Құрама Штаттардан мемлекеттің ішкі саясатына араласпауды сұрады. Бұған дейін президент Дональд Трамп Гонконгті ерекше экономикалық мәртебесінен айыру туралы қаулыға қол қойған еді. Одан бөлек бірқатар шетелдік азамат пен кәсіпорындарға санкция салған болатын.

Хуа Чуньин, ҚХР СІМ өкілі:

– АҚШ қабылдаған қаулы Гонконгтің қауіпсіздігі туралы ұлттық заңға қарама-қайшы келеді. Халықаралық құқықтың тапталғанын аңғартып отыр. Бұл – Гонконгтің және Қытайдың ішкі саясатына араласу. Қытай үкіметі бұл шешімді қатаң сынға алып, қарсы шығады.

Айта кетейік, 2019 жылы Гонконгте экстрадиция заңына қарсы жаппай ереуілдер басталған еді. Жергілікті тұрғындар бұл ереже адам құқығына қарсы екенін айтқан. Бұл құжат бекітілмеді, қайтарып алынды. Десе де осы жылдың маусым айында Гонконгте ұлттық қауіпсіздікке қатысты жаңа заң шықты. Қаулыға сай Қытай билігі үкіметке қарсы шыққан кез келген адамды қатаң жазаға тарта алады. АҚШ тарапының пікірі бойынша, жаңа заң 1984 жылы қабылданған Ұлыбритания мен Қытай арасындағы декларацияға қарама-қайшы.

Хабар 24 телеарнасы