419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады

  • 227
  • UPD: 18:53, 17.07.2020
Австралияда коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп барады

Австралияның Виктория штатында вирус жұқтырғандар саны көбейіп барады, хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте тағы 400-ден астам адамнан инфекция анықталды. Бұл – аймақта бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Індеттің өршуіне байланысты қазір штат шекаралары жабық тұр. Ал Мельбурн қаласында 6 аптаға карантин режимі енгізіліп, адамдардың көшеге себепсіз шығуына тыйым салынды. Жергілікті билік тұрғындарды сақтық шараларын естен шығармауға шақырып отыр.

Дэниел Эндрюс, Виктория штатының премьер-министрі:

Штатта коронавирустан тағы 3 науқас көз жұмып, құрбандар саны 32-ге жетті. Адамдар талаптарды орындамаса, ахуал нашарлай түседі. Сырқат белгілері бар адамдар үйде отырмаса, жағдай ушыға береді. Қазір әр тұрғынға айтарым: баратын жеріңізде әлеуметтік арақашықтық сақталмайтынын білсеңіз, міндетті түрде маска тағыңыз.

Хабар 24 телеарнасы