417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропада коронавирус қайта өршіді

  • 268
  • UPD: 19:01, 17.07.2020
Еуропада коронавирус қайта өршіді

Испанияда соңғы тәулікте 590 адамнан қауіпті кесел анықталған, хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейінгі ең жоғарғы статистика 390 науқас еді. Індет ошағы Арагон және Каталония болып отыр. Жергілікті БАҚ ел билігі Барселонада шектеу шараларын жариялауды жоспарлап отырғанын айтады. Елдің оңтүстігіндегі Андалусияда қатаң тәртіп енгізіле бастады. Мұнда тіпті хауыз, жағажайда болсын бетперде кию міндеттелді. Испанияда коронавирусты 360 мың адам жұқтырса, 28 мыңнан астам науқас көз жұмды.

Энтони Ренвилл, турист:

Бұл қалыпты жағдай. Бастысы – бетперде киіп, ережені сақтау. Суға түскенде, әрине, оны шешіп қоямыз ғой. Кеселдің тарауын тоқтату, қазір әлем елдері үшін алғашқы орында тұр.

Ал, Францияда жабық ғимаратта бетперде киюдің міндетті болуы 1 тамыз емес, 2 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы елдің премьері Жан Кастекс мәлімдеді. Індет өршіген аймақтан келгендерге тексеріс күшейеді. Ереженің күшеюуі вирусты жұқтырғандар санын көбейтпеу мақсатында жасалып отыр. Францияда карантин жеңілдетілгелі 400 адамнан COVID-19 анықталған.

Хабар 24 телеарнасы