429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ мүшелері Брюссельдегі саммитте бас қосты

  • 220
  • UPD: 22:58, 17.07.2020
Еуроодақ мүшелері Брюссельдегі саммитте бас қосты

Коронавирус күйреткен экономиканы қалыпқа келтіру және алдағы жеті жылға бюджетті бекіту.

Дәл осы мақсатта Еуроодаққа мүше мемлекет басшылары Брюссельдегі саммитте бас қосты, хабарлайды «Хабар 24».

Бетперде киген 27 елдің басшылары бұл жолы бет сүйіп, қол алысып емес, шынтақ түйістіріп амандасты. Бұл бес айдан бергі одақтың алғашқы әрі төтенше жиналысы. Екі күнге созылатын кездесуде мүше мемлекеттер Еурокомиссияның дағдарыстан шығу жоспарын талқылайды, қаржы нарығынан қарызға алынған 750 млрд еуроны өзара бөліске салады. Сондай-ақ одақтың алдағы жеті жылға бюджетін бекітеді. Мемлекет басшылары «бұл саммиттен күтеріміз мол» деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы